наш адрес:
Республика Казахстан, 010000
г.Астана, ул. Сыганак, дом 29 блок Б этаж 13

Тел/факс:8 (7172) 51-69-24
E-mail:
amfgroup@mail.ru
Новости 
20 января 2016
«AMF Group» АҚ-НЫҢ АКЦИОНЕРЛЕРІНЕ ҰСЫНЫСЫ.
«AMF Group» АҚ-мы (бұдан әрі – Қоғам), Қоғамның айналымдағы қаражатын толықтыру және жалпы корпоративтік мақсатты орындау үшін жарияланған акциялардың шегінде эмиссиялық бағалы қағаздар орналастырылсын және бұрын сатып алынған аталған бағалы қағаздарды өткізу туралы 2016 жылдың 15 қантарында қабылданған директорлар кеңесінің шешімін акционерлерге хабарлайды.
Қазақстан Республикасының «Акционерлык қоғамдар туралы» Заңның 16 бабының талаптарына сәйкес Қоғам, бағалы қағаздарды басымдықпен сатып алу құқығын жүзеге асыру мақсатында сатып алуды ұсынады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 13 ақпандағы № 31 қаулысымен бекітілген «Акционерлік қоғам акционерлерінің бағалы қағаздарды басымдықпен сатып алу құқықтарын іске асыру қағидалары» (бұдан әрі – № 31 Ереже) нормаларын орындау мақсатымен Қоғам алдағы орналастыру (өткізілу) туралы келесі ақпаратты ұсынады:
1) Бағалы қағаздардың түрі – жай акциялар;
2) саны - 2 988 495 (екі миллион тоғыз жүз сексен сегіз мың төрт жүз тоқсан бес) дана, оның ішінде: 2 760 615 дана, жарияланған акциялар шеңберінде, 227 880 дана, Қоғамның бұрын сатып алынған акциялары;
3) Орналастылыған бағалы қағаздардың (қоғаммен сатып алынғанын шегергенде) орналастырылған (өткізілген) бағалы қағаздарға қатынасы - 47815920 : 2988495 (16 : 1).
4) Акцияларды басымдықпен сатып алуға құқықты директорлар кеңесімен бағалы қағаздарының орналастыруы (өткізу) туралы қабылданған уақыттан, 2016 жылғы 15 қаңтарда Астана уақыты бойынша 00 сағат 00 минутта қоғамның акционерлері болғандар, тең шартпен, пропоционалды оларға тиісті мөлшерде қоғам акциялары иеленеді;
5) Акционерлер басымдықпен сатып алу құқығына сәйкес сатып алуға өтiнiм беру мерзімі - қоғамның бағалы қағаздарын орналастыру (өткiзу) туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабарлаған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн;
6) Орналастырылған (өткiзілген) бағалы қағаздарды басымдықпен сатып алу мерзімі – акционердің оны алуға өтініш берген күннен 30 күнтізбелік күн ішінде;
7) Бағалы қағаздарды орналастыру(өткiзу) бағасы – 150 теңге бір жай акцияға, басымдықпен сатып алу құқығына сәйкес акционерлерге бiрыңғай баға бойынша төменгі бағамен:
8) Орналастырылған (өткiзілген) бағалы қағаздарды алуға акционер өтініштін беретін мекен-жай - Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Сығанак көшесі, 29, Блок Б, 13 қабат:
9) Орналастырылған (өткiзілген) бағалы қағаздарды басымдықпен сатып алу сұрақтары бойынша акционерлермен қарым-қатынас жасаушы тұлғаның деректемесі, аты-жөні, әкесінің аты - Баспаева Гаухар Женисовна (телефондары:(7172) 51-69-37; 8-777-111-00-69, мекен-жайы: Астана қаласы, Сығанак көшесі, 29, Блок Б, 13 қабат).


«« | »» « Назад | Все новости
  Последние новости
 
Developed by ISDНовости О компании Обратная связь
Copyright © 2006 “AMF Group”. All Rights Reserved.