наш адрес:
Республика Казахстан, 010000
г.Астана, ул. Сыганак, дом 29 блок Б этаж 13

Тел/факс:8 (7172) 51-69-24
E-mail:
amfgroup@mail.ru
Новости 
6 июня 2016
«AMF Group» АҚ өзінің акционерлерін 2016 жылғы 5 маусымда өткен жылдық жалпы жиналыста сырттай дауыс берудің қорытындылары туралы хабарлайды. Барлығы 41 457 194 дана қоғам акциясын құрайтын, алынған бюллетендер негізінде, яғни дауыс беретін жалпы акциялардың 86,70%-ын құрайтын «AMF Group» АҚ-тың жылдық жалпы акционерлер жиналысымен келесі шешімдер қабылданды:
1. Жылдық жалпы акционерлер жиналысының күн тәртібі бекітілсін.
Дауыс беруге қатысқан қоғамның дауыс беруші жалпы санынан 100,0 пайыз құрайтын, «Жақтап» – 41 397 885 дауыс берілді. «Қарсы» – жоқ; «Қалыс қалған» – жоқ. Шешім бірауыздан қабылданды.
2. Қоғамның 2015 жылғы жылдық қаржылық есептілігі бекітілсін.
Аталған мәселеле бойынша дауыс беруге қатысқан қоғамның дауыс беруші акцияларының жалпы санынан 99,99 пайыз құрайтын, «Жақтап» – 41 394 865 дауыс берілді. «Қарсы» – жоқ; «Қалыс қалған» – 2 220. Шешім басым көпшілік дауыспен қабылданды.
3. Акционерлердің 26.12.2015 жылғы жалпы жиналысы шешімінің негізінде 2015 жылдың бірінші жарты жылдығының және үшінші тоқсанының қорытындысы бойынша жай акциялар бойынша өндірілген дивидендтерді төлеуге байланысты 2015 жылдың қорытындысы бойынша қоғамның жай акциялары бойынша дивидендтер төленбесін.
«Жақтап» – 41 333 850 дауыс берілді, бұл аталған мәселе бойынша дауыс беруге қатысқан қоғамның дауыс беруші акцияларының жалпы санынан 99,70 пайыз құрайды. «Қарсы» – 123 344; «Қалыс қалған» – жоқ. Шешім басым көпшілік дауыспен қабылданды.
4. Қоғамның 2016 жылғы аудитін жүзеге асырушы аудиторлық ұйым болып – «ALMIR CONSULTING» ЖШС анықталсын.
«Жақтап» – 41 356 451 дауыс берілді, бұл аталған мәселе бойынша дауыс беруге қатысқан қоғамның дауыс беруші акцияларының жалпы санынан 99,97 пайыз құрайды. «Қарсы» – 8 044; «Қалыс қалған» – 1 636. Шешім басым көпшілік дауыспен қабылданды.
5. Қоғамның және оның лауазымды тұлғаларының іс-әрекеттеріне акционерлердің өтініштері және оларды қараудың қорытындысы туралы ақпарат назарға алынсын.
«Жақтап» – 41 365 131 дауыс берілді, бұл аталған мәселе бойынша дауыс беруге қатысқан қоғамның дауыс беруші акцияларының жалпы санынан 100,0 пайыз құрайды. «Қарсы» – жоқ; «Қалыс қалған» – жоқ. Шешім бірауыздан қабылданды.


«« | »» « Назад | Все новости
  Последние новости
 
Developed by ISDНовости О компании Обратная связь
Copyright © 2006 “AMF Group”. All Rights Reserved.